-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Жемқорлыққа қарсы семинар

2017 жылғы 2 маусымда БҚО Әділет департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», «Этика нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. 

Іс-шара барысында персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Е.С.Хабибуллин және Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бастығы Б.М.Хайруллин баяндама жасады.  

Жемқорлыққа қарсы стандарт

Осы жемқорлыққа қарсы стандарт «Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ-ің қызметінде және департамент қызметкерлерінің арасында жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: қоғамдық қатынастардың басқа да салалары.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ-і

 

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

 

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру