-A A +A

Әділет Департаменті басшысының орынбасарлары

 

Куставлетов  Хамидолла Мұхитұлы – Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

 1967 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ.

Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бастап жұмыс атқарады. Жоғарғы заңгерлік білімі бар. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын бітірді.

2009 жылы ақпанда заң ғылымдары кандидатының дипломын қорғады.

2001 жылдан 2012 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының әдістемелік кабинетінің бастығы, оқытушы, аға оқытушы, ғылыми бөлімнің бастығы болып қызмет атқарды, 2012 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талдау жұмысы басқармасының бастығы, 2013 жылдың наурыз-шілде аралығында – Қазақстан Республикасы ӘМ САОК Павлодар облысының сот актілерін орындау бойынша Департаменті басшысының орынбасары, 2013 жылдың шілде айынан – Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, ЕҰҚК саммитіне қатысқаны үшін алғыс хатпен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4 съезін өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Әділет министрінің алғысымен, «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері»  төсбелгісімен марапатталды.

Умралеев Мұрат Амангелдіұлы – Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары. 1981 жылы дүниеге келген, ұлты - қазақ.

Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бастап жұмыс атқарады. 2 жоғарғы мамандығы бар. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетті бітірді.

2002 жылдың қыркүйек айының 2003 жылдың қаңтар айына дейін Бөрлі аудандық сотының маманы, 2003 жылдың мамыр айынан бастап Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2005 жылдың тамыз айында – Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, 2007 жылдың мамыр айынан бастап – Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі, 2008 жылдың маусым айынан бастап Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылдың қараша айынан бастап Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау, кадр және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдың маусым айынан бастап Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2015 жылдың шілде айынан бастап және қазіргі уақытқа дейін – Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарады.

Озбекова Арай Жұмағазықызы – Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

1987 жылдың 8 мамыр айында Семей қаласында дүниеге келген.

2010 жылы Ресей Федерациясының ІІМ Москва университетінің «Юриспруденция» мамандығын тәмамдаған, ал 2014 жылы /АҚШ/ Пенсильвания штатындағы Университет жанындағы Дикинсон құқық мектебін «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген. Халықаралық Құқық Магистры дәрежесіне ие болған.

Заң мамандығы бойынша еңбек жолын 2010 жылы ішкі істер саласында бастаған.

Әділет органдары саласында  22.05.2015 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

2016 жылдың 9 желтоқсан айында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.