-A A +A

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

Ұйымдастыру–талдау жұмысы бөлімінің басшысы

Кенженова Фарида Жантлесовна 7 сәуір 1970 жылы  Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, заңгер.

1987 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепті аяқтаған. Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Жалпы еңбек өтілі 28 жыл, оның 20 жылы мемлекеттік қызметте. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Әділет органдарында 2006 жылдан бастап қызмет атқарады. 2014 жылдың қараша айынан бастап Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы.

2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің  III  дәрежелі «Заңгер» төсбелгісімен наградталған.

Отбасы жағдайы: тұрмыста, 2 қыз тәрбиелеуде.

  1. Бөлімнің негiзгi мiндеттерi мен функциялары

1) Департаментінің, ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметтерінің және ағымдағы міндеттерінің бағытын анықтау;

2) Департаменттегі қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету;

3) ҚР Әділет Министрлігінің, Департаменттің бұйрықтарын, жоспарлы шараларын және нұсқауларын және басқа да құжаттарын орындауды бақылау;

4) Әділет Департаментінің алқа мәжілісінің, Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

5) Департамент қызметіне талдау жүргізу;

6) Департамент  қызметінде мемлекеттік тілді дамытуды жүргізу.

5. Бөлімнің функциялары:

1) Департамент қызметінің негізгі бағыттарын жасау және іске асыру, Департаменттің алдағы және ағымдағы жоспарларын қалыптастыру;

2) ҚР Әділет Министрлігінің, Департаменті басшысының нормативтік құқықтық актілерінің, бақылаудағы тапсырмаларының, бұйрықтарының, алқа қаулыларының тиімді және өз уақытында орындалуына тұрақты және нақты бақылауды қамтамасыз ету;

3) Департамент аппаратында және ведомстволық бағынысты органдарындағы атқарушылық тәртіптің жағдайын талдайды және бақылау жасайды;

4) Департамент басшылығы өткізетін алқа мәжілісінің, кеңесінің және кездесулердің хаттамаларын жүргізу және ұйымдастыру;

5) Үйлестіру Кеңесі мәжілісінің хаттамасын жүргізу және ұйымдастыру;

6) терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;

8) азаматтық қорғанысты, өрт қауіпсіздігін, салтанатты және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.