-A A +A

Құқықтық түсіндіру және халыққа заң қызмет көрсету бөлімі

 

Нұржанова Гүлдана Борамбайқызы -құқықтүсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Нұржанова Гүлдана Борамбайқызы – 1979 жылы 15 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 2-ші Шежін ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Шежін орта мектебін бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан облыстық Университетінің тарих,экономика және құқық факультетіне түсіп, 2001 жылы «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетінің заң факультетін бітірді.

Еңбек жолын 2001 жылы қыркүйек айында Орал қалалық сотының сот отырысы хатшысы болып бастады. 2003 жылы Орал қаласы Әділет басқармасына ауыстырылды. 2005-2007 жыл арасында Орал қаласы Әділет басқармасының тұрғындарды құжаттау және тіркеу бөлімінің бастығы болды, 2007-2011 жылдарда БҚО Әділет департаментінің тұрғындарды құжаттау және тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2011 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін БҚО Әділет департаментінің құқықтүсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Тұрмыста, 2 бала тәрбиелеуде.

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі:

құқықтық көмек ұйымдастыру, заң қызметін көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тіркеу және жүйелеу.

-Нотариалдық іс-әрекеттерді атқарушы және азаматтық хал актілерін тіркеуші жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғаларына әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету.

-Жекеше нотариустар мен адвокаттардың әрекеттеріне түскен шағымдарды қарау нәтижелері бойынша ҚР Әділет Министрлігіне олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу турасында ұсыныс енгізу.

-Нотариалдық палатамен бірігіп жекеше нотариустардың нотариалдық ісәрекет жүргізетін аймағын, орнын айқындап белгілейді.

-Нотариалдық кеңселердің адвокаттық қызметтің заңды және жеке тұлғаларға көрсететін құқықтық қызметінің сапалы болуын қадағалайды.

-Облыс әкімі аппаратының заң қызметтерімен өзара байланыс және үйлестіру мен әдістемелік басшылық жасау.

-құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ведомствоаралық үйлестіруді ұйымдастыру,заңнамаларды түсіндіруге қатысу.

Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті Қазақстан Республикасының “Әділет органдары туралы” Заңының 13-бабының 2-бөліміне сәйкес әділет органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін көтеру, тұрғындарды құқықтық хабардар ету , экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру, заңдылықты, тәртіпті ныңайту құқық түсіндіру жұмыстары бойынша нақты жұмыстарды жүзеге асыруда.

құқықтық білім берудің барлық әдістемелік түрін қолдана отырып, құқықтық насихат пен тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру жұмыстары кеңінен өрістетілуде.