-A A +A

Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі

 

  Маштаков Алтай Қоянбайұлы – Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы  Маштаков Алтай Қоянбайұлы.

  Маштаков Алтай Қоянбайұлы 1979 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер.

  2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2002-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңгер-кеңесші қызметін атқарды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық № 2 сотында жетекші маман, 2008 жылдан 2009 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы соттар әкімшісінде сот орындаушы қызметін атқарды. 2009 жылдан Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде жетекші маман, 2009 жылдың тамыз айынан бастап зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімнің бастығы болып жұмыс істейді. Үйленген.