-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімі

 

Бөлім басшысы –Лұқпан Гүлжамал Ғұбайдоллақызы

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімі халыққа заңдық қызмет және құқықты көмек көрсету шеңберінде келесі қызметтерді жүзеге асырады, нақты айтқанда:

  • Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайталама куәліктер береді (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы, некеге құқықтық қабілеттігі жөнінде анықтама);
  • Өзге мемлекеттерден келген азаматтың хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер беру мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша арыздарын қарайды;
  • Гаага Конвенциясына сәйкес, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайдалануға арналған құжаттарға апостиль қоюға байланысты, облыстың нотариустары мен әділет органдарынан шыққан ресми құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
  • Азаматтық хал акт жазбаларын жою, қалпына келтіру, азаматтың хал акт жазбаларына түзету, толықтыру, өзгерту енгізу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту сұрақтары бойынша облыстың әділет басқармасы АХАЖ органдары жолдаған қорытындыларды қарайды.
  • Әділет департаментінің бөлімінде Батыс Қазақстан облысы барлық аудандарының 1935-2010 - жылдар аралығындағы азаматтың хал актілер жазбаларының кітаптары сақталатын АХАЖ мұрағаты бар.
  • Әділет департаменті АХАЖ бөліміне жүгіну кезінде өзімен бірге құжаты болуы тиіс, яғни жеке куәлігі немесе паспорты.