-A A +A

Жылжымайтын мүліктен ауыртпалықтарды алу туралы дөңгелек үстел

 

      2018 жылдың 10 қаңтарында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Амангельдина А.Б. Халыққа қызмет көрсету орталығымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

     Дөңгелек үстел барысында жылжымайтын мүліктен мемлекеттік органдармен қойылған ауыртпалықтарды алу, мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы жаңашылықтар мәселелері қамтылды.

   Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің департаменті, мемлекеттік кірістер департаментінің, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің және халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері қатысты.

     БҚО ӘД жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Амангельдина А.Б. ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңының жылжымайтын мүліктен мемлекеттік органдармен қойылған ауыртпалықтарды алу саласындағы нормаларын түсіндіріп өтті.

 

                                                                

БҚО Әділет департаментінің

 баспасөз қызметі