-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу мәселелері жөнінде семинар

Орал қаласының Әділет басқармасының 2017 жылға арналған Жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 29 қарашада Орал қаласының Әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филилалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында қатысушылармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік электронды тіркеу тіркеу тәртібі жөнінде, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының кейбір ережелері, соның ішінде Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер зерделенді.

Қатысушылар пікірлерімен алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі