-A A +A

Жеке сот орындаушылардың жұмысы қортындыланды

2018 жылдың 11-і қаңтарында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.   Кұставлетовтың төрағалығымен, Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының 2017 жылды қортындылау үшін жиын  өткізілді.

Жиынға  құқық қорғау органдарының өкілдері мен қалалық мәслихат  депутаттары және БҚО жеке  сот орындаушылары қатысты.

 Аталған жиында Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палата басшысы Ж.  Саматов жеке сот орындаушылармен жасалған  жылдық жұмыс қортындысын  баяндады... Оған қоса, облыстағы сот шешімдерінің орындалу барысында туындайтын қиындықтар талқыланды.

Жиын соңында қалалық маслихат депутаттары "Нұр Отан" партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары С . К.Сүлейменнің атынан "Елбасы Н. Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы 27-қадамы жеке сот орындаушыларының жұмысын Батыс Қазақстан облысы бойынша деңгейлі түрде жүзеге асырылудағы" алғыс хатын  Ж.Н.  Саматовқа  табыстады.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі