-A A +A

Жедел кеңес өткізілді

Тасқала ауданы Әділет басқармасында а.ж. 09 қаңтар күні «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша талдау» тақырыбында басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Шараның мақсаты – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Жедел кеңес барысында басқарма басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласына шағымдардың түсуін болдырмау мақсатында шаралар қолдану қажеттілігін ескеріп өтті. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша бас тартулардың негізді және заңға сәйкес болуы керектігіне баса назар аударды.

Жедел кеңес қорытындысында бас тартулардың санын азайту бағытында тиісті шаралар қолдану қажеттілігі шешілді.

 

                                   Әділет департаментінің баспасөз қызметі