-A A +A

Жаңа жылдық іс шара өткізілді

а.ж. 29 желтоқсан күні Тасқала ауданы Әділет басқармасымен басқарма ғимаратында жаңа жыл мейрамы  қарсаңында «Қош келдің жаңа 2018 жыл» атты іс шара өткізілді.

Шараға әділет органының ардагері Қ.Таскалиева, жеке нотариустар С.Ерсариева,А.Женисова, мекеме басшылары А.Керейаулеті, Т.Каймашев, сонымен қатар, басқарма ұжымы және олардың балалары қатысты.

Басқарма басшысы қатысушыларды мейраммен құттықтап, жаңа жылда жаңа бақытқа жетулерін тіледі.

Балалар келген Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп сыйлықтарын алды.

Шара жаңа жылдық әндер мен әдемі тілектер айтылып өте көңілді өтті.

 

БҚО әділет департаментінің баспасөз қызметі