-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізілді

   Ү.ж 26 қазан күні Қаратөбе ауданының Әділет басқармасының басшысы Н.Басерова, бас маман  С.Омарова,  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК  КАҚ филиалы  - БҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Қаратөбе ауданы  бөлімінің  басшысы Н.Есендосов  және Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының - заңгері  А.Дияшевалардың қатысуымен заңды  тұлғаларды  қайта  ұйымдастырылуын  тіркеу  мәселелері бойынша семинар - кеңес  өткізілді.

Іс-шараның мақсаты заңды тұлғаларды қайта  ұйымдастырылуын  тіркеу  және  заңға  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтыруларға    түсініктеме  беру  болып  табылады.

Семинар барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуде құжаттарды  сапалы  қабылдау  бойынша  мәселелі  сұрақтар    талқыланды.

                         Әділет департаментінің баспасөз қызметі