-A A +A

Заңды тұлғаларды электронды тіркеу мәселелері жөнінде семинар

      2017 жылғы 27 қазанда Орал қаласының Әділет басқармасымен Орал қаласының бизнес субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен заңды тұлғаларды электронды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

     Семинар барысында Әділет басқармасының қызметкерлерімен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу тәртібі жөнінде және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының кейбір ережелері, соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеуге өтініш беру мәселелері түсіндірілді.

     Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібіне де түсініктер берілді.

 

Батыс Қазақстан облысы

                                                                  Әділет департаментінің баспасөз қызметі