-A A +A

Заң көмегін көрсету саласындағы заң жобалары түсіндірілді

    «Адвокаттық қызмет  және заң көмегі туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының жобаларын ақпараттық сүйемелдеу  бойынша Медиа-жоспарды орындау мақсатында, а.ж. 25 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп,  «Қазақстан Орал» телеарнасының «Социум» қоғамдық дискуссиялық клубының эфирінде Заң жобалардың негізгі қағидаларын түсіндіруді жүргізді.

      Бағдарламаға БҚО Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М. Куставлетов, облыс Прокурорының орынбасары А.В.Цуранков, з.ғ.к., КазИИТУ ғылыми зерттеулер Институтының директоры, кәсіпқой медиатор, Б.К. Чингаева, БҚО Әділет департаментінің бөлім басшысы Г.Б. Нұржанова, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы А.С. Туркина, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, жеке тәжірибемен айналысатын  заңгерлер және кәсіпқой медиаторлар қатысты.

        Қатысушылар Заңжобалардың  негізгі  қағидаларын  талқылап,  халыққа білікті заң көмегін көрсету бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістерге  қатысты  өз ұсыныстарын  білдірді.

 

Батыс Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі