-A A +A

Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы

2017 жылғы  13 желтоқсанда   Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Сырым колледжі» мекемесінде Сырым ауданының  Әділет басқармасының қызметкерлері колледж студенттерінің қатысуымен келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігі күні шеңберінде кездесу өткізілді.

Әділет басқармасының жетекші маманы А.Ишангалиева өз сөзінде Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының  басты ұлттық мейрамы екенін атап өтті.

Кездесу барысында колледж студенттері неке-отбасылық заң, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жалпы алғанда Электрондық Үкімет дамуының нормаларын түсіндіруге қатысты сұрақтар қойды.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі