-A A +A

Тауар таңбасын қорғауға бағытталған «дөңгелек үстел» өткізілді

       2017 жылдың 22 маусым күні Казталов ауданының Әділет басқармасы              «Тауар таңбасы және оның қорғалуы » тақырыбында кәсіпкерлік палатасының  аудандық филиалының өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шараның мақсаты- тауар таңбасының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі дамыту .

          Дөңгелек үстелде басқарманың басшысы Э.Қайсағалиева тауар белгісі және оған құқықты қорғау шараларын атап өтті .

Басқарманың бас маманы А.Темрешева тауар белгілерін қолдану, тауар белгілеріне құқықты қорғау тәсілдері мен тауар белгісіне қатысты заң бұзушылықтар үшін жауаптылық шаралары жөнінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында аудандық кәсіпкерлік палатасының төрағасы А.Нығметов өз тарапынан ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларға тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылармен пікір алмасылды.

 

                                                                                                    Әділет департаментінің баспасөз қызметі