-A A +A

Сырым ауданы Өлеңті ауылында Қазақстан Тәуелсіздігі күні шеңберінде кездесу өткізілді

2017 жылдың 13  желтоқсанда  Сырым аудандық  Әділет басқармасымен  заңгерлік көмек көрсету мақсатында Өлеңті  ауылдық округі халқымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына білікті заңгерлік көмек  көрсетілді,  балаларды немесе еңбекке жарамсыз зайыбын асырауға алименттерді төлеу тәртібі туралы, балаларды асырауға алименттердің мөлшерлері туралы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша сұрақтарына  жауаптарын  алды.

Шара соңында қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтады.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі