-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

                        

     Тасқала ауданының Әділет басқармасында  а.ж. 11 шілде күні  «Намыс» жастар бірлестігі мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

    Семинар мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Шара барысында Әділет басқармасының басшысы Д.Махашева өз баяндамасында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңның міндет-мақсаттарын сөз етіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтініне тоқталды.

     Семинар соңында қатысушылар жұмыс барысында туындайтын басқа да сұрақтарға және оларды шешу жолына тоқталып өтті.

 

 

БҚО  Әділет департаментінің

баспасөз қызметі