-A A +A

«Шыңғырлау ауылының кәсіпкерлерімен Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау» тақырыбында «дөнгелек үстел» өткізілді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні  Шыңғырлау ауылында  «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының жиналыс залында аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастыруымен  аудандық кәсіпкерлермен «Шыңғырлау ауылының кәсіпкерлерімен Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау» тақырыбында «дөнгелек үстел» өткізілді.

Дөнгелек үстел мақсаты: аудандық кәсіпкерлерімен қолданыстағы заңнаманы сақтау.

          Дөнгелек үстелде аудандық кәсікерлер бөлімінің, аудандық Әділет басқармасы, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілдері және аудандық кәсіпкерлер  қатысты.

Дөнгелек үстелде аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Дауленов  кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу мерзімдерін, зияткерлік меншік қорғау саласында өнімдердің тауар таңбаларының нормаларын сақтау, сонымен қатар «Doing Bussiness»  Дүниежүзілік Банктің рейтингінінің «Кәсіпорындарды ашу», «Меншік тіркеу» индексінде  Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Дөнгелек үстел  сонында, елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру барлық азаматтардың міндеті болып табылатыны айтылды.

                                 Әділет департаментінің баспасөз қызметі