-A A +A

Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округіне дөнгелек үстел жүзеге асырылды

2017 жылдың 26 маусым  күні    Шыңғырлау  ауданы Белогор ауылдық округінде « Әділет органдарының қызметі және сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің орындалу мәселелері» тақырыбында  «дөнгелек үстел» өткізілді.

«Дөнгелек үстелге»  аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.М., Дауленов, аға сот орындаушысы Г.С Телемгенова, Белогор ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы және  ауылдық мекемелер қызметкерлері, ауыл тұрғындары  қатысты.

«Дөнгелек үстел» мақсаты: шалғай ауыл-мекендердің тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыру.

«Дөнгелек үстелде» аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.М.Дауленов  Әділет органдарының қызметі туралы, соның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу тәртібін,   Дүниежүзілік  экономикалық форумның  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік және «Doing Bussiness»   индексінің  индикаторлары бойынша Қазақстан Республикасының көрсеткіштері туралы толық ақпарат  берді.

Аға сот орындаушы Г.С Телемгенова. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, алименттерді өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер әлеуметтік маңызыдыларға жататыны айтып өтті. Үш айдан астам алименттерді төлемей жатқан борышкерлерге сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданылатының түсіндірді.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары арасында конструктивтік диалог орнатылды, толғандырған мәселелерге түсіндірулер берілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі                                               *****