-A A +A

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне «Шығу кеңесі» жүзеге асырылды

2017 жылдың  желтоқсан айының 26  күні  Әділет басқармасының бас маманы  А.Ильясовтың, аға сот орындаушысы Г.Телемгенованың, Батыс Қазақстан облысы адвокаттар коллегиясының адвокаты А.Досиевтың қатысуымен Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылына шығу кеңесі жүзеге асырылды..

Іс-шараның негізгі мақсаты: азаматтардың құқықтық деңгейін көтеру және азаматтардың барлық санатына тегін заң кеңесін көрсету.

        Іс шара барысында 7 азаматқа, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сот актілерін орындау, алимент өндіру сонымен қатар қолданыстағы ҚР заңнамалары шеңберінде құқықтық кеңес берілді.

         Іс шараның қорытындысы бойынша, жүгінген азаматтар толғандырып жүрген түрлі сауалдарына нақты жауаптар алды.

                                            Әділет департаментінің баспасөз қызметі