-A A +A

«Шағым- мемлекеттік қызметшінің индикаторы» тақырыбында семинар өткізілді

2017 жылдың 13 қараша күні Шыңғырлау ауылында  «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының жиналыс залында аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Шағым- мемлекеттік қызметшінің индикаторы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтау.

Семинарға аудан прокуроры А.У.Акпанов, аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.М.Салимов, Әділет басқармасының басшысы Н.М.Дауленов, аудандық ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

         Семинарда аудан прокуратурасының аға прокуроры  А.М.Салимов аудан бойынша 2017 жылдың 10 айында мемлекеттік органдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жағдайы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының талаптарын бұзуға жол берілген және шағымдар туралы ақпарат жасады.

         Қатысушылармен жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қарау тәртібін қатаң сақтау және мемлекеттік қызметінің іс-әрекетіне шағымдарды болдырмау туралы  айтылды.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі