-A A +A

Семинар-жиналыс өтті

10 қаңтар 2017 жылы Жаңақала ауданының әділет басқармасында «жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтату мен бас тартулардың алдын алу» мақсатында жеке нотариус пен ХҚКО ның қызметкерлерінің қатысуымен семинар-жиналыс өтті.

      Семинардың мақсаты- жылжымайтын мүлікке  құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтатулар мен бас тартуларды болдырмау.

Шара барысында жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуде тоқтатулар мен бас тартулардың заңдылығы мен негізгі ережеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Семинарды қорытындалай отырып, қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің cтандарттары бойынша құжаттарды қабылдау тәртібін басшылыққа ала отырып, қажетті мәліметтермен пікір алмастырды.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі