-A A +A

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айының 8 күні Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Озбекованың төрайымдық етуімен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және облыстың кәсіпкерлерімен бірлесіп «Заңды тұлғаларды тіркеу»,  «Тауар белгісін тіркеу» тақырыбында  семинар өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - кәсіпкерлердің құқықтық білімін арттыру және кәсіби құқықтық көмек көрсету.

         Іс-шара барысында маңызды сұрақтар талқыланды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына бөлім басшылары толыққанды жауаптар берілді.

 

 

БҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі