-A A +A

Семинар өткізді

А.ж. 08 қараша күні Тасқала ауданының Әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі инспекторларының қатысуымен семинар өткізді.

Шараның мақсаты –мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында жиі туындайтын мәселелер, жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша пікір алмасты. Басқарма басшысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының стандарттары мен регламенттерінің талаптары бойынша түсініктеме беріп өтті.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі