-A A +A

Салтанатты жиын ұйымдастырылды

2017 жылдың 13 желтоқсанында  Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің мәжіліс залында Департамент басшысының м.а. Х.М.Куставлетовтың төрағалығымен Департаменттің орынжай тазалаушысы М.К.Байгужинаның зейнеткерлік жасына шығуына байланысты  салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің және Орал қалалық Әділет басқармасының  қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиынның соңында департамент басшысының м.а. Х.М.Куставлетов,  құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Г.Б.Нұржанова, Әділет органдарының ардагері Н.А.Голубир туған күн иесін құттықтап, сөз сөйледі.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі