-A A +A

Салтанатты марапаттау

 

        2017 жылдың  28 желтоқсан күні    Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде  «Қазақстан заңгерлер одағы»  Республикалық  қоғамдық бірлестігінің  төрайымы – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценты, медиатор  Бахтыгүл Кенесарықызы Чингаеваны Құрмет грамотасымен  салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

       БҚО Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Х.М.Куставлетов құттықтау сөз сөйледі.

       Б.Чингаева, одақтың басқа да мүшелері сияқты Қазақстан заңгерлер одағының қызметіне өз үлесін қосуда, сондай ақ, жоғары оқу орындарының студенттері арасында одақтың қызметі мен келешегіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп өскелең ұрпаққа өз тәжірибесін түсіндіруден жалыққан емес.

 

                                                     

БҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі