-A A +A

Президент Жолдауы

2018 жылдың  қаңтар айының 11 күні Жаңақала ауданының әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-ХҚКО департаментінің Жаңақала аудандық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Президентіміздің Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты- Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуді жылдамдатуды және Елбасы  Жолдауының  негізгі 10 бағыттарын қолдаумен жүзеге асыру жолында қызмет жасау.

Әділет басқармасының бас маманы А.М.Байжумашева Президентіміздің Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және негізгі бағыттары жөнінде баяндама оқып  негізгі бағыттарды орындауға қатысуға шықырды.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі