-A A +A

Онлайн- режимде азаматтарды қабылдау жүргізілді

   2017 жылғы 7 маусымда Орал қаласының Әділет басқармасының басшысы Е.Е.Рашкалиевпен «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Skype» жүйесі арқылы онлайн-режимде азаматтарды қабылдау жүргізілді.

    Қабылдау барысында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ілбішін ауылдық округінің тұрғыны Б.Аманжоловқа 2010 жылы сатып алған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібі туралы құқықтық кеңес  берілді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі