-A A +A

Облыстық радиода сөз сөйледі

   2017 жылғы 25 қазанда облыстық радионың тікелей эфирдегі «Заң аясында» айдарына Орал қаласының Әділет басқармасының басшысы Е.Рашқалиев қатысып, әділет органдарының негізгі қызметтері тақырыбында сұқбат берді.

Тікелей эфир барысында 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасы – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының кейбір ережелерін, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі ережелеріне және әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы өзгерістерге түсінік берді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі