-A A +A

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша талаптарды түсіндіру, стандарттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы семинар өткізілді

Тасқала ауданының Әділет басқармасымен ағымдағы жылдың 21 маусым күні басқарма мамандарының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы – ХҚКО департаментінің Тасқала ауданыдық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша талаптарды түсіндіру, стандарттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы» атты семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

Шара барысында Әділет басқармасының Д.Махашева «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қатысушылар  ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 490  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен енгізілген өзгерістерді талқыланды. Осыдан басқа, ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тәртібі  түсіндірілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі