-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

2017 жылғы 3 қарашада Орал қаласының Әділет басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы Орал қалалық №1, №2 бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен оқу семинары өткізілді.

Семинар барысында әділет органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарының  бұзылуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың алдын-алу шаралары төңірегінде мәселелер талқыланды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығын, «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығын және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұлжытпай сақтау жөнінде ұсыным қабылданды.

Қатысушылар пікірлерімен алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі