-A A +A

Медиация дауларды шешу жолы ретінде

    А.ж 23 қазан күні Сырым аудандық сот ғимаратында Сырым аудандық Әділет басқармасымен «Дауларды медиация жолымен реттеу»тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

          Аталған  іс шараға аудандық соттың судьясы Ниязов Т.,   Әділет басқармасының басшысы Н.Кайыржанова, адвокат Е.Бактыгалиев,  кәсіби емес  медиаторлар А. Батыршин,  Г. Каналиев, М.Бижанов, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

           «Дөнгелек үстел» барысында медиацияның тек теориялық аспектісі бойынша жүргізілуіне көңіл бөлмей, медиаторлардың тәжірибесінде кездескен нақты  мысалдармен дауларды шешу және татуластырудағы маңыздылығы айтылды.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі