-A A +A

Кәсіпкерлермен кездесу

   2017 жылдың 12 маусым айында  Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету мақсатында,  БҚО Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.Куставлетовтың төрағалық етуімен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Акция барысында Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.Куставлетов  Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі  рейтингісіндегі индикаторлар бойынша түсідірме беріп, аталған рейтинг индикаторлары бойынша әділет органдарымен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.  

   Департаменттің бөлім басшылары, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты  Д.Т.Хабиев заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, авторлық құқықтарды қорғау, тауарлық белгілерді тіркеу және т.б. сұрақтар бойынша кәсіпкерлерге заңдық көмек көрсетті.  

  Шара барысында жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері, әкімшілік реттеуді даулауда заңнаманың тиімділігі,  зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері, сонымен қатар,  сот дауларының медиативті түрде шешілуі мәселелері талқыланды.

     Акцияға жергілікті «Орал өңірі», «Пульс» газеттерінің тілшілері қатысты.

   

Батыс Қазақстан облысы

 Әділет Департаментінің

                                                                   баспасөз қызметі