-A A +A

«ҚР аймағындағы иесіз жатқан жер участкелерін анықтау»

2018 жылдың 9 қаңтар күні «ҚР аймағындағы иесіз жатқан жер участкелерін анықтау» бойынша аудандық әділет басқармасының ғимаратында әділет басқармасының басшысы Р.С.Есеновтың төрағалығымен жер ҒӨО РМК БҚФ Жәнібек аудандық бөлімшесінің бас маманы А.Т.Ықсанова, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы М.Т.Әдиев, аудандық филиалының «Жылжымайтын мүлік орталығының» басшысы А.М.Халелова, аудандық жер қатынастар бөлімі басшысы Ж.М.Кенжеғалиев және аудандық әділет басқармасының бас маманының қатысуымен дөнгелек үстел өткзілді.

Кездесу барысында  аудан бойынша иесіз жатқан жер участкелерінің санын анықтау туралы мәселелер қарастырылды.

Жер қатынастар бөлімінің басшысы Ж.М.Кенжеғалиев азаматтардың атына тіркелген жылжымайтын мүліктің құқық иесін дәлелдеу үшін мемлекеттік мекемелерге сұраныстарды жолдау арқылы шешу жолын ұсынды.

Жәнібек ауданының ӘБ бас маманы ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңындағы иесіз жатқан жер участкелерін есепке алу тәртібін түсіндіріп өтті.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі