-A A +A

Көшпелі кеңес беру өткізілді

    Ауыл тұрғындарына  көшпелі  құқықтық кеңес беру мақсатында, а.ж. 31 қазан күні  Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Ж. Озбекованың төрағалық етуімен БҚО Зеленов  ауданы  Дариян ауылдық округіне  ақпараттық топтың   шығуы  ұйымдастырылды.

         Топтың құрамына Әділет департаментінің бөлім басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зеленов ауданы бөлімінің өкілдері, адвокат және жекеше нотариус  кірді.

Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, «Нұрлы жол» бағдарламасы  бойынша  баспана алу, кәмелетке толмағандармен жеке сәйкестендіру  номерін алу,  тыл ардагерінің медалін берілуінің рәсімделуі және тәртібі туралы, коммуналдық  қызметтер бойынша жеңілдіктер алу, еңбек өтілін дәлелдеу туралы және т.б. сұрақтарымен жолықты.  Азаматтарды толғандырған барлық сұрақтар бойынша  мамандармен  кеңес  беріліп,  мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған әділет органдарымен жүргізіліп жатқан реформалар  туралы  айтылды.

Көшпелі кеңес барысында, Әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселесі бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зеленов ауданы бөлімінің өкілдері және жекеше нотариустың қатысуымен семинар өткізілді.

Шараға  аудандық  «Ауыл  тынысы»  газетінің  тілшісі қатысты.

 

 

БҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі