-A A +A

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті

2017 жылдың 15 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынды Департамент басшысының міндетін атқарушы Х.М.Куставлетов құттықтау сөзімен ашты.

Жиында жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасымен бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі