-A A +A

ХҚКО инспекторларымен әдістемелік оқулық жүргізілді

           Ағымдағы жылдың 27 қазан  күні Ақжайық ауданының Әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің Ақжайық аудандық бөлімінің инспекторларының қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды және  заңды тұлғаларды тіркеу   бойынша әдістемелік оқулық жүргізді.

            Оқулық барысында басқарма мамандары  жылжымайтын мүлікке құқықтарды  және   заңды тұлғаларды тарату және филиал  мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару бойынша   айтып,  әдістемелік көмек көрсетті.

Ақжайық  ауданының әділет басқармасының басшысы Б.С.Агилманова қатысушылармен    жылжымайтын мүлікке құқықтарды  және заңды тұлғаларды  тіркеу  саласы бойынша   кездесетін мәселелерді  талқылады.

 

                                   Әділет департаментінің баспасөз қызметі