-A A +A

Халыққа білікті заң көмегі көрсетілді

       А.ж. 12 шілде айы күні Қаратөбе  ауданы  Әділет  басқармасының  басшысы  Н.Басерованың  төрағалық  етуімен ақпараттық-насихат тобымен  аудандағы  жекеше нотариус М.Орынтаевтың,  аға сот орындаушы М.Абдрахмановтың қатысуымен Сулыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

     Аталған  іс-шараның  мақсаты - Дүниежүзілік  экономикалық форумның  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік   индексінің  көрсеткіштерін жақсарту, азаматтардың  құқықтық  мәдениетін арттыру,  білікті  заңгерлік  көмек  көрсету.

      Кездесу  барысында  азаматтарға қолданыстағы  заңнамалар  талаптары   түсіндіріліп,   жылжымайтын  мүлікке құқықтарды,  заңды  тұлғаларды  тіркеу,  алимент  өндіру,  мұрагерлікке ену  сұрақтары бойынша тегін заңгерлік білікті көмек  көрсетілді. 

 

                 

 БҚО  Әділет департаментінің

баспасөз қызметі