-A A +A

Дүниежүзiлiк Банктiң индикаторлары жөнінде семинар өтті

2017 жылдың 27 маусымда Орал қаласының Әділет басқармасымен кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен «Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингтеріндегі Қазақстан ұстанымының жақсаруы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында әділет органдары орындаушы болып табылатын индикаторларлар бойынша ұстанымды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен  таныстырылды.

Қатысушыларға бизнесті жүргізу (кәсіпорынды ашу) және меншікті тіркеу процедураларын жеңілдетуге бағытталған заңнамалардың нормалары түсіндірілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі