-A A +A

«Дөңгелек үстел» өткізілді

  2017 жылдың 21 маусым  күні Сырым ауданының   Әділет  басқармасымен  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация «КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы-Халыққа қызмет көрсету орталығы  Сырым аудандық бөлімінің мамандарымен «Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

          Іс-шара барысында жетекші маман  А.Т.Ишангалиева  құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі және тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус беретінін атап өтті.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі