-A A +A

«Әділет кенес береді» акциясын өткізу

2017 жылдың 26 желтоқсан күні Зеленов ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы Ж. Абулхаировамен,  аудандық аурухананың қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы өкілінің,  мемлекеттік сот орындаушының қатысуымен, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру талаптарын түсіндіру мақсатында  «Нұр Отан» партиясының Зеленов  ауданының филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

         Акцияның мақсаты - міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің артықшылықтары туралы түсіндіру.

         Акцияда азаматтарға міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінін негізгі артықшылықтары түсіндірілді және барлық мәселелер бойынша тегін білікті заңгерлік көмек көрсетілді.

Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

 

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі