-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясын өткізу

     2017 жылдың 22 маусымда Зеленов ауданы Әділет басқармасының басшысы А.Жұбанышқалиеваның  төрайымдық   етуімен,  «Нұр Отан» партиясы  Зеленов  ауданының филиалы өкілдері  және  ауданы әкімдігі маманының қатысуымен  халыққа білікті  заңгерлік  көмек  көрсету мақсатында  «Нұр Отан» партиясының  Зеленов  ауданының филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Қабылдау барысында азаматтар мен заңды тұлға өкілдері жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды - кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік тіркеу туралы сауалдарға толық кеңестер алды.

Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі