-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

А.ж. 23 қазан күні  Тасқала ауданы Әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлім инспекторларының қатысуымен «Әділет кеңес береді»  акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты -  халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, тегін заңды тұрғыда кеңес беру.

Іс-шара барысында заң көмегіне жүгінген тұрғындарға жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншікті тіркеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының нормаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді және жадынамалар ұсынылды.

Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес және түсініктеме берілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі