-A A +A

«Әділет кеңес береді»

2017 жылдың 23 маусым күні  Сырым  ауданының әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне арналған «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

       Акцияға Сырым аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Қайыржанова, аудандық сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім филиалының басшысы И.Садықов, нотариус А.Қожахметов қатысты.

Аталған акцияны өткізудің мақсаты - тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтық кеңесін шектеусіз ұсыну және туындаған мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, сонымен бірге азаматтардың мемлекеттік қызметке тұру тәртіптері түсіндірілді.

          

Әділет департаментінің баспасөз қызметі