-A A +A

«Болашақ» халықаралық стипендиясының талаптары түсіндірілді

Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады», деген болатын. Ал адами капиталдың сапасын арттырудың бірден-бір жолы – білім саласы озық елдерде оқып, тәжірибесімен танысу, талдау жасап, тағылымын алу. Ендеше осы тұста «Болашақ»- халықаралық стипендиялық бағдарламасының маңызы зор.

          Осыған байланысты, «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша  мемлекеттік қызметшілер және жастар  арасында  ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында,  а.ж. 10 қараша күні  Батыс Қазақстан облысы  Әділет департаменті «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» акционерлік қоғамымен  ( әрі қарай- Орталық) бірлесіп  Орал қаласында кездесулер  өткізді.

         БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының  түлегі  А.Озбекова  және Орталық  менеджері Д. Омарова ең әуелі Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілермен жүздесті, кездесу «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті» жеке жоғары кәсіби білім беру мекемесі  және  «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында жалғасты.

Жиналған студенттер мен оқытушылар құрамына халықаралық «Болашақ» стипендиясы  жайында кеңінен мағлұмат беріп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді.

Шара  соныңда,  ұйымдастырушылар Орал қалалық «ТДК-42»  телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.

 

 

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі