-A A +A

Бөкей ордасы ауданының Әділет басқармасында азаматтарды қабылдау өткізілді

А.ж. 31 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кестесіне сәйкес, аудандық Әділет басқармасының  басшысы А.Атаев  азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында аз.Г.Қабиева мемлекеттен тұрғын үй алу мәселесімен келіп, оған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне тұру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, екі аудан тұрғындарына  мұрагерлікке кіру  тәртібі айтылып, жылжымайтын мүлікке иелікті әрі қарай рәсімдеу  туралы түсінік берілді.

Барлық келген тұрғындарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне құқықтық кеңестер беріліп, заңнамалардын  талаптары  түсіндірілді.

 

БҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі