-A A +A

Бірік , Тереңкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

           А.ж.  25 желтоқсан күні   Бірік және Тереңкөл ауылдық округтерінің  тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты- тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға  әлеуметтік сала бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

Аталған кездесуге ауданның әділет басқармасының  басшысы Э.Қайсағалиева және басқарма мамандары, Бірік ауылдық округінің әкімі Б.Байгунаков , Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Е.Галимов , аудандық зейнетақы бөлімінің басшысы Э.Сармалаева ,  округтағы мекеме басшылары және тұрғындар қатысты.

   Жиында әділет басқармасының басшысы  сөз алып, әділет органдарының басты қызметтері бойынша  түсінік берсе, аудандық зейнетақы төлеу бөлімінің басшысы әлеуметтік төлемдер бойынша жаңа өзгерістерге тоқталды.

Шарада  тұрғындар тарапынан заңды тұлғалардың қызметін тоқтату, жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркеу бойынша сұрақтар қойылып, нақты жауаптары берілді.

 

                                                                    Әділет департаментінің баспасөз қызметі