-A A +A

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ( Орал қаласы, Достық даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 30 91 25) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі; жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы туралы мәліметтердің болмауы.

Құжаттар 2017 жылдың 12 шілдеден 10 тамызға дейін Әділет Департаментінің кеңсесінде немесе электронды үкімет www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы қабылданады.

 Аттестация өткізілетін жері: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.

Аттестацияда қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:  аттестаттауға жіберу туралы өтініші; жеке басын куәландыратын құжат; жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны; жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы куәландырған тағылымдаманың қорытындылары туралы мөрленген қорытындының көшірмесі; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынбағандығы туралы анықтама.