-A A +A

Батыс Қазақстан облысында «Әділет кеңес береді» облыстық акциясы өткізілді

        А.ж. 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментімен  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өткізілді.

        Әділет Департаменті  басшысының орынбасары Х.М.Куставлетов  бастаған ақпараттық-насихат жұмысына Департаменттің  мамандары, адвокат, жекеше нотариустар белсенді қатысты.

    Қабылдауға келген азаматтармен атқарушылық өндіріс бойынша, оның ішінде, алименттік төлемдерді өндіру,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, тұрғын-үй алу тәртібі және т.б. қойылған сұрақтарына Департамент басшысының орынбасарымен, сот орындаушылармен, адвокат, нотариустармен құқықтық кеңес беріліп, қолданыстағы заң талаптары  түсіндірілді.        

           Шараға қалалық «Пульс», «Жайық үні» газеттерінің тілшілері шақырылып, қатысты.

                                                      

Батыс Қазақстан облысы

                                                                                              Әділет Департаментінің

                                                                                                                баспасөз қызметі